Өткен аптада бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сезар Чавес-кіші келісім-шарттың кейбір тұстары көңіліне шықпағандықтан қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинке қарсы болатын жекпе-жектен бас тартқан болатын. Енді жаңа келісімшарт алып, оны қарауға дайын.

 

Головкин мен Чавес кездесуі осы жылдың шілде айының 19-шы жұлдызында АҚШ-та өтуі тиіс болатын.

Top Rank компаниясының келісмшартты ұзарту мақсатында жасаған шарттары мен өтемақысы мексикалық боксышысын көңілінен шықпады.