Сәрсенбіде «Барселона» Испания Кубогының финалында «Реал Мадридке» 1:2 есебімен жол берген болатын.

Ойыннан кейін «блаугранас» футболшылары «Камп Ноуға» келіп автокөліктері мен жеке заттарын алып кету үшін келді. Стадионға кірер тұста ойыншыларды жанкүйерлері қарсы алды. Кейбір жанкүйерлер футболшыларға тіл тигізіп, бас бапкер Херардо Мартино мен клуб президенті Хосеп Бартомеудің жұмыстан босатылуын талап етті. Каталондықтардың көшбасшысы Лионель Месси де сөз естіді.