«Краснодар» клубының президенті әрі қожайыны Сергей Галицкий Ресей Кубогы финалының «Анжи-Аренада» өтетінін қалжыңмен жеткізді.

«Каспийскде сары-жасыл түсті стадион. Сары – «Ростовқа», жасыл – «Краснодарға», сондықтан финалдың стадионы дұрыс таңдалған», - деді Галицкий өзінің «твиттерінде».

Естеріңізге сала кетсек, Ресей Кубогының финалында «Краснодар» мен «Ростов» кездеседі.