Ғаламтор-аукционмен айналысатын америкалық Ebay компаниясы дортмундтық «Боруссияның» бас бапкері Юрген Клопп шайнаған сағызды саудаға қойды, деп хабарлайды германиялық БАҚ.

Әңгіме Клопптың Германия Кубогы аясында «Вольфсбругке» қарсы кездесуінде пайдаланып, кейін лақтырып тастаған сағызы туралы болып отыр. Бастапқы бағасы 1 евро.

Бұл мачтта «Боруссия» 2:0 есебімен жеңіп, финалда мюнхендік «Бавариямен» кездеседі.