Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2014 жылы Сочи қаласында өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

«2014 жылы Сочи қаласында өткен ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістігі үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Юрьевич Тен «Құрмет» орденімен марапатталсын», - делінген қаулы мәтінінде.