«Қайрат» клубының ойыншысы Рубиньо әке атанды, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

«Сәби мен анасына шын жүректен денсаулық, ал әкесіне жақсы ойын тілейміз!», - деп құттықтайды Қазақстанның он бір дүркін чемпионының сайты.

«PROСПОРТ Қазақстан» редакциясы жоғарыда айтылған тілектерге қосылып, Рубиньоның жанұясына өмірдің бар жақсылығын тілейді.