Ярослава Шведова өз сұхбатында Қазақстан намысын қорғап жүргеніне мақтанатынын айтты. «Мен Қазақстан атынан шығу шешімін жете түсініп қабылдадым және бұған патриоттық тұрғыда қараймын. Федерацияның мақсаты біреу, - ол теннисті дамыту, мен бұл бастамаларды қашан да қолдаймын, жас теннисшілерге көмектесем. Бір нәрсе сұраса, ешқашан қарсы болмаймын. Мен - Қазақстанның азаматымын және осында тұрамын. Қазақстанды өз үйім деп санаймын», - дейді Шведова kult.kz сайтына.