«Атырау» футбол клубы байқау өткізіп команданың жаңа эмблемасын таңдады.

Байқау осы жылдың қаңтар айынан басталып, ақпан айының ортасына дейін жалғасты. Сол уақыт аралығында ресми сайтқа 23 қатысушыдан 73 үлгі ұсынылды. Солардың ішінде Нұрлан Тапановтың жасаған эмблемасы таңдалып, жеңімпаз атанды. Енді Нұрлан клубтың тарихына жаңа эмблема  жасаушы ретінде жазылады, деп хабарлайды «мұнайшылардың» ресми сайты.