ҚХЛ-да өнер көрсететін ЦСКА хоккей клубының басшылығы бапкерлік қызметке Дмитрий Квартальновты тағайындады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Басшылықтың қазіргі бапкер Джон Торчеттидің жұмысына көңілі толмай, келісімшарт уақытын созбайтынын хабарлады. 2013/2014 маусымында ЦСКА клубы Батыс конференциясында 7-ші орын алып, Гагрин Кубогыда бірінші кезеңнен шығып қалған еді.

Дмитрий Квартальнов осыған дейін «Северсталь» және «Сибирь» клубтарын жаттықтырған.