Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы болды.

«Қайрат» - «СКА Юг»

«СКА Юг» командасының ойыншысы Көлбарақов Қайрат қарсыластың айқын гол соғатын мүмкіндігінен айырғаны үшін бір матчқа шеттетілді.

«СКА Юг» командасының ойыншысы Мұхамедияров Асылбек матч төрешісіне қысым көрсеткені үшін 12 айға шеттетілді.

«СКА Юг» командасының бапкері Сейдуалиев Жеңіске матч төрешісін балағаттағаны үшін 75 000 теңге айыппұл салынды.

«СКА Юг» клубына команданың өрескел ойнағаны үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) 50 000 теңге айыппұл салынды.