2014 жылдың 16 сәуірінде өткен отырыста Тәртіптік-бақылау комитеті төмендегідей шешім қабылдады:

IV тур

«Спартак» - «Шахтер»

«Шахтер» футбол клубының ойыншысы Фернандес Ягоның дисквалифакациясы 3 мачтан 2-ге алты айлық сынақ мерзімімен қысқартылды.

VI тур

 «Астана» - «Тобыл»

«Тобыл» футбол клубының бас бапкері Масленов Сергейге ойын соңындағы баспасөз мәслихатына қатыспағаны үшін 50 000 тенге айыппұл салынды.

1-ЛИГА КЛУБТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА 

II тур

«Болат АМТ» - «Лашын»

«Лашын» футбол клубының ойыншысы Яковлев Владимир дөрекі ойнағаны үшін 2 матчқа шеттетілді.

ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

VI тур

«Жетісу» - «Шахтер»

«Жетысу» футбол клубының ойыншысы Жалилов Магамед қарсыласын ұрғаны үшін 3 матчқа шеттетіледі.

«Қайрат» - «Тараз»

«Тараз» футбол клубының ойыншысы Құдайберген Әділет төрешіге физикалық қысым көрсеткені үшін 7 айға шеттетілді.

«Тараз» футбол клубына команданың өрескел ойыны үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) 30 000 теңге айыппұл салынды.