«Еуроспортта» жарияланған талдамалы мақалада жолы болмаған бапкерлер тілге тиек болды. Мұнда «Жетісудың» қазіргі бапкері Омари Тетрадзе де бар.

«Егер жағдайың нашар болса, Қазақстанға ауып, жергілікті футболдың даму жолу туралы сайра», –  Чернышев пен Юранның осы бір аксиомасы Омари Тетрадзенің Ресейдегі бапкерлік ғұмыры аяқталғанын білдіреді.

«Жағдай шектен шығып бара жатты, Тетрадзе есінен адаса бастады. «Москваға» қарсы ойынды «сатуға»қарсы болғанымда Омари маған тапаншамен кезеп өлтіремін деп қорқытты. Зәрем қашып, бұл командада ойнамаймын деп шештім. Бұған дейін мені ешкім тапаншамен қорқытпаған еді», – осындай қызықты оқиғаны польшалық журналистерге «Крылья Советовтың» бұрынғы қорғаушысы Серж Бранко баяндады. «Келісілген матч» деген сөз тіркесі Тетрадзені Самарадан кеткен соң де өкшеледі. Омари «Анжидің» тізгінін ұстағанда махачкалалықтарды Нальчиктің «Спартагымен», «Терекпен», «Аланиямен» келісіп ойнады деген айып тағылған болатын. Тетрадзе «Волганың» тізгінін ұстағанда «Химкидің» сол кездегі бас бапкері Александр Тарханов нижегородтік клубтың өкілдері ойынды сатуын сұрағанын жариялады.

Қазақстанда Омаридің жағдайы жақсы – «Жетісу» турнир кестесінің ортасында келеді, әзірше тапанша мен келісілген матчтар туралы сыбыс жоқ», - дейді eurosport.ru.