Мадридтік «Атлетиконың» шабуылшысы Диего Коста жазда лондондық «Челсиге» ауысады, деп хабарлайды британдық БАҚ өкілдері. Шабуылшыға бесжылдық келісімшарт ұсынылды. Жалақысы аптасына 185 мың фунт стерлингті құрайды. «Челси» Костаны «Атлетикодан» 50 миллион фунт стрелингке сатып алмақшы. Мадридтік команданың бас бапкері Диего Симеоне жуырда айтқанындай, футболшы өз мансабын қайда жалғастыратынын өзі шешеді.

Естеріңізге сала кетсек, қос ұжым УЕФА Чемпиондар лигасының жартылайфиналында күш сынасады.