Күрестен Қазақстанның әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы әрі көшбасшысы Гузель Манюрова «PROСПОРТ Қазақстан» газетіне берген сұхбатында алдағы күрестен Азия чемпионаты туралы, минскідегі Гран-При додасындағы тарихи жеңістер жайында, Азия ойындары мен жаңадан өсіп келе жатқан ізбасарлары хақында сыр шертті.

«Таяқтың екі ұшы болады»

Қорытынды оқу-жаттығу жиынын Астана қаласында өткіземіз. Елордада өтетін (23–27 сәуір, Астана) Азия чемпионатына қызу дайындық үстіндеміз. Сондықтан қыздарымыз бар жанын салып жанкүйерлерді жерге қаратпауға тырысады.  «Таяқтың екі ұшы болады» демекші өз жерімізде өтетін дода дайындығымыздың жақсы-жаман тұсын айқындап береді.  

Медальдік көрсеткіш

Әрине, барлық салмақ бойынша медаль алуға мүмкіндік бар. Бірақ, нақтырақ айтқанда шамамыз 4–6 жүлде ұтуға жетеді. Ал, мені екі алтын да қанағаттандырады.

Инчхондағы жарыс қиын болады

Азия ойындары біз үшін биылғы жылдағы басты шара болғалы тұр. Күзде Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қарағанда маңыздырақ. Өзбекстанға екініш құрамдағы  жастарды апарамыз. Өйткені, Азия ойындары төрт жылда бір рет өтетін ірі дода. Инчхонда біздің спортшыларға жүлдеге таласу қиын болады. Себебі, әйелдер күресінен ең мықты құрамалар Азия құрлығында. Еуропада бәсекелестік әлде қайда төмен. Мысалға, Жапония қыздары  – үш дүркін олимпиада чемпионы, қытайлықтар – олимпиада және әлем кубогының жеңімпаздары, моңғол спортшылары  – олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегерлері.

«Александра Медведядағы» тарихи жеңіс

Минск қаласындағы Гран-при жарысы – Украина, Беларусь, Ресей мемлекеттері үшін аса маңызды. Өйткені, осы жарыста көзге түскен қыздар өз елдерінің атынан Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Әр ел өзінің номері бірінші спортшыларын алып келуге тырысады мұнда. Сондықтан, жүлделі үштікке кірудің өзі үлкен жетістік. Екі қызымыз; Эльмира Сыздықова (69 кг) мен Айжан Исмағұлова (58 кг) финалға дейін жетіп, соңғы сәтте алтынды уыстан шығарып алды. Мен болсам, ақтық мәреде өзімнің бұрыннан таныс қарсыласым – белорусиялық Василиса Марзалюкқа 5:2 есебімен жол бердім. Ал, Татьяна Аманжолға (48 кг) қарсылас шақ келмеді. Финалдық кездесуде ол ресейлік Алина Мореваны тізе бүктірді. Тағы да, Меруерт Дындыбаева 58 кг салмақта қол жүлдені олжалады.1 алтын, 3 күміс және 1 қола біздің құрама тамаша нәтиже.

«Шыға салып әлем чемпионын жанбасқа саламын деп ойлап па едіңдер?!»

Федерация біздің алдымызға бір мақсат қойды – Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында алтын медальға қол жеткізу. Бұл - ең басты мақсат. Күрес қауымдастығы біздің алаңсыз дайындалуымызыға бар жағдайды жасап берді. Осы жағдай қыздардың жігерін қайрады. Қыздарымыз жеңілісті ауыр қабылдайды, Гран-при финалында ұтылғанда жылап, өздерін кінәләді. Олардың әлем чемпиондарымен күресетінін мен алдын ала болжағанмын, алайда жасырып жүрдім. Жекпе-жектен соң қыздар келіп ренішін білдіріп жатты: «Әлем чемпионымен кездесетінімізді неге айтпадыңыз?» деп. «Шыға салып әлем чемпионын жанбасқа саламын деп ойлап па едіңдер?!» деп мен жауап қайтардым.

Өмірім босқа өткен жоқ

Қазір мен өзімді Бразилияда алтын алуға дайындаудамын. Бапкерлік қызмет маған бұл тұрғыда қатты көмектеседі. Олимпиададан кейін күресуді жалғастырамын ба, әлде бапкерлік қызмет атқарамын ба, ол жағын білмеймін. Бәрі Жаратқанның қолында. Отбасыма көңіл бөлуді жөн деп санаймын. Өйткені, өмір бойы жарыстар мен жиындарда жүріп, жақындарымның жанында бола алмадым. Өмір арнасы қай жаққа бұратынын алдын ала болжай алмайсың. Бапкерліктен басқа қызығатын жұмыстарым бар. Қазір менің жағдайым жақсы. Бәрі осы спорттың, еңбектің арқасы. Сондықтан, өмірім босақ өткен жоқ деп есептеймін.

Еркебаева мен Құнанғараева – менің ізбасарларым

Өткен жарыстағы Айжан Исмағұлованың көрсеткен нәтижесі көңілімнен шықты. Финалда ол әлем чемпионымен тең дәрежеде күресті. Жеңілгеннен кейін біраз көңіл-күй түсіп кетті. Ол үшін жеңіліс үлкен сынақ. Жас қыздардың арасында Зарина Құнанғараева мен өткен жылы Қазақстан Кубогын ұтып алған Гүлмарал Еркебаеваны ерекше атап өткен жөн. Бұл екі қыз өте дарынды. Жанарларынан жарқ еткен ұшқын байқадым. Оларға үлкен спортта бағыт-бағдар беру керек.

Жаттықтырушылар неден қорқады?

Көптеген бапкерлер шәкірттерінің бір күні келіп: «Мен тұрмысқа шығамын» дегенінен қорқады. Қаншама жылдар бойы тер төгіп дайындаған шәкірті бір-ақ сәтте спортпен қош айтысуы мүмкін. Түсінесіз бе?! Мен оларды жақсы түсінемін. Өмір әділетсіз ғой. Сол себепті, спортшымен кәсіпқой түрде келісімшартқа отыру керек. Егерде осындай жағдайға тап болса, бапкерге дайындаған уақытының төлемін өтеу керек. Бұл кәсіпқой спорт. Ешкім ойнап жүрген жоқ. Бір істі бастадың ба, аяғына дейін жеткізуге міндеттісің.

Болашақ жұлдыздар

Мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатын бақылаймын. Жас қыздардың арасынан Анкичевалар, Әбілқайыровалар, Жамиля мен Мадина Бақбергеновалардың өнері ұнайды.

Жаттықтырушының арманы

Қазақстандағы қазіргі жолға қойылған бағыт бағдарынан жаңылмаса екен. Жасөспірім қыздар жастар құрамасына, ұлттық құрамаға ілініп, Олимпиаданы бағындырса екен екен деп тілеймін.

Қазақстанның сара жолы

Үйрену мен еліктеу – екеуі түрлі ұғым. Жапония мен қытай мектебі бар. Бірақ олар бізге келмейді. «Әр үйдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші біздің менталитетіміз, дене әлеуетіміз басқаша қалыптсқан. Яғни, бізге әлем мектептері ішіндегі ең үздігін таңдап тәлім алу керек.

Өмірдегі  Гүзел Манюрова…

Мені көп нәрсе қызықтырады. Оны айта берсем уақыт жетпейтін шығар (күледі). Кез келген әйел адамға тән қасиеттер менің бойымнан да табылады: мәселен, көңіл-күйім жақсы болғанда дүкен аралағанды ұнатамын. Көбінше, Gucci немесе Roberto Cavalli киімдерін киіемін. Егерде мені спортық киімде көрсеңіз таңғалмаңыз. Ең бастысы мен  киімнің ыңғайлы болғанын қалаймын. Шетелдерде шоппинг жасағанды жақсы көремін. Әсіресе, Италия мен Франция елдерінде. Бір жағынан демалып қайтасың.

Олимпиада жүлдегері базарда

Мен қарапайым адаммын. Басқалардан еш айырмашылығым жоқ. Сауда-саттық орталығында мені көрген кісілер таңғалап жатады. Олипиада жүлдегері мұндай жерде не істеп жүр деп (күледі). Мен жетістікке жеттім деп көкірегімді көтеріп жүретін адамдардың қатарында емеспін. Өзімнің қыздарыма да әрдайым осына айтып жүремін. Ең бастысы еңбектену керек.

Бала кезгі арман

Мал дәрігері болуды армандайтынмын (күледі), себебі жануарларды жақсы көремін.

Фортепианода ойнаймын

Тютчев, Цветаеваның шығармаларын сүйіп тыңдаймын.Тағы фэнтези жанры ұнайды. Фортепианода ойнай аламын. Кейде тігінмен айналысамын.

Неге күрес?

Кішкентай кезімде Олимпиада ойындарына қатысқым келетін. Мен 23 жасымда жаттығу залына келгенімде, күрес Олимпиада тізіміне енгізілді. Екі жылдан кейін менің бала кезгі арманым орындалды. 

Қазақстан менің екінші Отаным

Маған Қазақ елі ұнайды, менің екінші үйім секілді. Дер кезінде осында келгеніме қуаныштымын. Егерде мен керек болып жатсам, неге қалмасқа?

Азия чемпионатына баратын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі

48 келі      Татьяна Аманжол

53 келі      Жұлдыз Әшімова

55 келі      Айым Әбілдина

58 келі      Айжан Исмағұлова

60 келі      Ольга Калинина

63 келі      Екатерина Ларионова

69 келі      Эльмира Сыздықова

75 келі      Гузель Манюрова

 

Авторы: Тимур БАЙКЕТАЕВ

Аударған: Айбар РЫСДӘУЛЕТ