24-26 cәуір аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін футзалдан УЕФА Кубогының төрттік финалының екі ойынын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бакуде өтетін додаға «Қайрат» (Қазақстан), «Араз» (Әзірбайжан), «Динамо» (Ресей) және «Барселона» (Испания) командалары қатысады.

24-ші сәуір күні Астана уақытымен 19:30-да басталатын алматылық «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасындағы матч тікелей эфирден көрсетіледі.Сонымен қатар, жанкүйерлер бұл турнирдің ақтық бәсекесін де тікелей эфирде тамашалай алады. Финалдық матч 26 сәуірде Астана уақытымен сағат 22:30-да басталады.