Футболдан Франция құрамасы сапында Еуропа және әлем чемпионы атанған әйгілі ойыншы Зинедин Зидан «Қайрат» клубының 60-жылдық мерейтойына орай Алматыға келуі мүмкін.

Бейресми ақпараттардың мәліметі бойынша, «Қайрат» футбол клубының төрағасы Қайрат Боранбаев даңқты француз футболшысымен келіссөз жүргізуде. Зиданның Алматыға келу-келмеуі жуырда белгілі болады. Мерейтойға одан бөлек Фабио Каннаваро мен Фабьен Бартез сияқты футболшылар келуі мүмкін.