Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы мен елордалық «Барыстың» қорғаушысы Роман Савченко клубтың ресми сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасы тосынсый жасайтынын айтты.«Қарсыластарымыз осал емес. Сондықтан лайықты қарсылық көрсетіп тосыннан сый жасау үшін тер төгеміз. Құрамаға білікті ойыншылар шақыртылды», - дейді Савченко «Барыстың» ресми сайтына .