Атақты баскетбол агенті Мишко Разнатович «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф кезеңінде «Нижний Новгородты» ұта алатынын айтты. 
 
 
«Мен қуаныштымын! «Астана» өз мақсатына жетті, ВТБ плей-офф кезеңіне шықты. Командамыздағы ойыншылардың жарақатына қарамастан келесі кезеңге шыға аламыз деп ойлаймын», - деді Разнатович клубтың ресми сайтына.