«Каролины Харрикейнз» командасының қақпашысы өскемен хоккейінің түлегі Антон Худобин Минскте өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасының намысын қорғайды, деп хабарлайды Ресей хоккей Федерациясының ресми сайты.

Худобиннен басқа Ресей құрамасына Ұлттық Хоккей Лигасында ойнайтын тағы алты хоккейші шақыртылды. Олар:  қорғаушылар Антон Белов мен Дмитрий Орлов, шабуылдаушылар Александр Овечкин, Евгений Кузнецов, Андрей Локтионов және Николай Кулемин.