Оралдық «Конденсат-Жайықмұнай» волейболдан клубтар арасындағы Азия біріншілігінің финалына шыға алмады.

Жартылай финалдық кездесуде батысқазақстандық волейболшылар катарлық «Аль-Райян» клубынан үш партияда жеңіліп қалды – 22:25, 22:25, 19:25.

«Конденсат-Жайықмұнай» ширек финалда Ирактың «Газ Аль Джануб» командасын тізе бүктірді – 25:21, 25:20, 25:19.