Зарина Диас WTA аясындағы BMW Malaysian Open турнирінің екінші айналымына шықты.  Жеңіс қоры 250000 АҚШ долларын құрайтын аталмыш дода Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда өтіп жатыр.

Бірінші айналымның кездесуінде қазақстандық теннисші Элени Данилидуды сенімді жеңді - 6:2, 6:2.

Екінші айналымда Диас италиялық Джулия Гатто-Монтиконемен кездеседі.