Олимпиаданың 18 дүркін чемпионы Майкл Фелпс үлкен спортқа қайта оралмақшы, деп хабарлайды шетелдік басылымдар.

Келесі аптада атақшы спортшы Аризонда өтетін турнирке қатысады. Фелпстің бапкері Боб Боуман бұл шешім 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға жасалған қадам болатынын басып айтпады. Сонымен қатар, алда өтетін жарыстардағы мүмкін болар сәтсіздікдер 28 жасар чемпионның бар жетістіктерін жоққа айналдыра алмайтынын хабарлады. 

Лондонда өткен Олимпиадада американдық спортшы Лариса Латынинаның медальдардың жалпы саны бойынша жасаған рекордтын бұзған еді. Фелпс жалпы есепте 22 мәрте мойнына медаль таққан, ал оның 18-і алтын.