«Барселона» командасынан маусым аяқталғанда жеті бірдей ойыншы кетеді, деп хабарлайды Мundo Deportivo басылымы.

Осы жылы Тато Мартино шәкірттері жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады. Аргентиналық маман Тато Мартиноның қалу-қалмауы әлі белгілісіз. Маусым аяқталғанда бас бапкермен бірге жеті бірдей футболшы «блаугранамен» қош айтысады. Олар: Даниэл Алвес, Франсеск Фабрегас, Алексис Санчес, Александр Сонг, Кристиан Тельо, Хонатан Дос Сантос және Исаак Куэнка.