Ойыннан кейін «Қайраттың» бас бапкері Какау кездесуді қорытындылап, УЕФА Кубогынан не күтетінін айтты.

 - Ең алдымен, жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Қолдағандары үшін рахмет. Біз тек солар үшін ойнаймыз. Ірі есеппен жеңгенімізге қуаныштымын. Қарсыласымыз бүгін көп тырысты, олардың табандылығын айтып кету қажет. Бізге екі гол салды. 

 - Алда "Тұлпарға" қарсы жауапты кездесу күтіп тұр.

 - Әрине, біз чемпионбыз және осы ойында ешқандай турнирлік мақсат орындамаймыз. Бірақ жанкүйерлерімізді қуанту - біздің басты міндетіміз. Біздің ұжым жақсы, бүгін Алешандренің көп гол соғуы үшін бүкіл команданың қалай көмектескенін көрдіңіз ғой.