Хоккейден Қазақстан Жастар құрамасы Францияның Ницца қаласында өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатының А тобының I дивизионындағы бірінші ойынында жеңіліс тапты.

Алғашқы қос кезеңнің қорытындысы бойынша Александр Линев шәкірттері  2:1 есебімен ұтып тұрған. 

Алайда, үшінші периодта латвиялық хоккейшілер Никита Устиновичтің қақпасына жауапсыз төрт шайба тоғытты. Сөйтіп, қазақстандық хоккейшілер уыста тұрған жеңісті жіберіп алды.

 

Қазақстан (U18) – Латвия (U18) 2:5 (1:0, 1:1, 0:4)

1:0 – Кошелев – 00:20

2:0 – Преснов (Незнамов) – 26:03

2:1 – Локанс (Разгалс) – 31:16

2:2 – Локанс – 41:31

2:3 – Янсонс (Дзиеркалс, Зоховс) – 42:01

2:4 – Бунцис (Локанс, Разгалс) – 43:15

2:5 – Зоховс (Джиеркалс) – 44:44

Қақпашылар: Устинович – Кивлениекс