«Вашингтон Кэпиталз» командасының ойыншысы Александр Овечкин  «Морис Ришар Трофи» –  лиганың үздік сұрмергені атағын  төртінші рет иеленді, деп хабарлайды nhl.com.

Овечкин 78 ойында 51 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Бұған дейін 2008, 2009 және 2013 жылдары үздік сұрмерген болды. «Морис Ришар Трофи» жүлдесін Овечкин төртінші мәрте иеленді.