Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы рейтингінің үздік жүздігіндегі орындарын сақтап қалды.

14 сәуірдің қорытындысы бойынша Кукушкин  56‑сатыда, Голубев  59‑орында қалды. Сонымен қатар, алғашқы жүздікте Александр Недовесов екі сатыға жоғарылады, ол енді 75‑ракетка.

Бесінші жүздікте Евгений Королев 448‑сатыға көтерілді. Ал тағы бір қазақстандық Денис Евсеев 608‑орында.

Жұптық сарапта екінші жүздікте үздік болып Недовесов тіркелді. Өткен аптада 120‑орында тұрған теннисші 117‑сатыға көтерілді. Ал Голубев пен Кукшкин тиісінше 177 мен 351‑орындарға тұрақтады.