Қазақстандық Ярослава Шведова мен Галина Воскобаевам осы аптада Әйелдер теннисінің қауымдастығы рейтингінің бірінші жүздігінде екі саты төмендеді.

14 сәуірдің қорытындысы бойынша Шведова 55-ші, Воскобоева 65-ші сатыға тұрақтады. Сонымен қатар, алғашқы жүздікке тағы бір қазақстандық Зарина Диас кіреді. Ол өткен аптадағыдай 93‑орынды місе тұтып тұр. Екінші жүздікте Юлия Путинцева 155-тен 155-ге түссе, 175 ракетка болған Сесиль Каратанчаева төрт сатыға төмендеді.

Жұптық сарапта қазақстандық Воскобоева 28-ші орнында қалса, Шведова  44‑тен 45‑ке ауысты.