Шымкентте өтіп жатқан халықаралық ITF жарысында қазақстандық теннисші Екатерина Клюева жеке және жұптық сайыста жеңімпаз атанды.

Алдымен жеке сайыс түрінде жартылай финалда словакиялық Катарина Стреснакованы ұтты – 6:3, 6:7 (4:7), 6:1.

Сосын, қазақстандық теннисші қыз жеке сайыста ақтық кезеңде ресейлік Анастасия Рудакова екі сетте тізе бүктірді  – 7:6 (7:1), 6:4.

Жұптық сайыстың финалында Клюева мен ресейлік Cофия Смагина жұбы ресейлік Анастасия Рудакова/Любовь Васильеваны екі партияда жеңді – 7:6 (7:3), 6:0.