Ел біріншілігінің алтыншы туры аясында алматылық «Қайрат» тараздық ойыншыларды қабылдады. Өз алаңында өткізген төрт кездесуде де гол соға алмаған Вайсс шәкірттері сәтсіз серияны бұзуға міндетті еді.

Алғашқы он минуттықта қос тараптың шабуылшылары алма‑кезек шабуылдады. Дегенмен қорғаушылар осалдық танытпады. Гол соғатын мүмкіндікке бірінші болып алматылықтар ие болды, Милош Лачны қақпашымен бірге-бір шыққанда қапталдағы төреші жалауын көтерді. Санаулы минуттардан соң Исламханға әдемі пас асырылды, алайда жас ойыншы допты кеудесімен тоқтатқанымен, қақпаға соққы бағыттап үлгермеді. Алғашқы таймның ортасында Бауыржан Исламхан алыстан Нұрмұхамедовтың қырағылығын байқап көрді. Десе де, доп соңғысының оңай олжасына айналды.  Ойынның 40-минутында алматылықтар өз дегеніне жетті. Айып алаңына асырылған пастан кейін Жарко Маркович қонақтар қақпасын дәл нысаналады.  Үзіліске дейін «Қайрат» есептегі басымдықты ұлғайта түсті. Момоду Сисейдің пасынан кейін Йосип Кнежевич қақпа торын «бүлк» етікзді.

Екінші тайм алматылықтардың шабуылымен басталды. Нұрмұхаметовпен  бетпе‑бет шыққан Сисей оңтайлы жерден мүлт кетті.   Ойынның  62-минутында қос бапкер де алаңға жаңа ойыншыларын жіберді. «Тараз» сапынан Бауыржан Байтананың орнына Мақсат Әмірханов шықса, алматылықтардан Шерхан Бауыржан Аслан Дарабаевты ауыстырды.  71-минутта қонақтар есеп айырмасын қысқартты. Айып алаңына асырылған допқа бірінші жеткен Щеткин қанжығасын майлады. Голдың «иісін» сезген қонақтар шабуылын үдете түсті. Сергей Скорыхтың жойқан соққысына Хомич тосқауыл бола білді. Өз кезегінде алматылық Марковичтың соққысы маңдайшаның үстінен кетті.  Қос ұжымның жасаған шабуылдарын қорғаушылар кері қайтарып жатты. Осындай ұмтылыстардың бірінде Кислицын Нұрмұхамедов қақпасына алыстан соққы бағыттап, өз командасының үшінші голын соқты. Қорытынды есеп – 3:1. Алматылықтар өз алаңында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

 

«Кайрат» — «Тараз» 3:1 (2:0)

Голдар: Маркович 36 (1:0), Кнежевич 43 (2:0), Щёткин 70 (2:1), Кислицын 90+3 (3:1) 

Ескертулер: Воротников 55, Рок 79

«Қайрат»: 16. Хомич, 5. Кислицын, 6. Маркович, 8. Сымақов (к), 9. Исламхан (15. Седельников 90+1), 10. Кнежевич (3. Гурман 84), 13. Қуантаев, 17. Дарабаев (11. Бауыржан 61), 19. Бақаев, 21. Сиссей, 23. Лачны

Қосалқы құрам: 24. Ткачук, 25. Нехтий, 43. Рудосельский, 80. Нұрмұғамет.

«Тараз»: 1. Нұрмұхаметов, 2. Банджар, 4. Воротников, 5. Скорых, 6. Евстигнеев Д. (к), 8. Евстигнеев В. (20. Уббинк 69), 10. Байтана (22. Әмірханов 61), 12. Щёткин, 15. Рок, 18. Голич, 19. Баройлет (7. Сергиенко 46)

Қосалқы құрам: 24. Бабаханов, 9. Тілешев, 11. Досмағамбетов, 14. Айтбаев

Төрешілер: М.Ысқақов (Астана), Сүйінов (Павлодар), С.Ысқақов (Костанай) 

 

https://www.sports.kz/news/kayrat-pereigral-taraz