Бүгін Шымкентте өтіп жатқан халықаралық үлкен теннистен ерлер арасындағы Kazakhstan F5 Futures додасы аяқталды.

Жеке сайыста жартылай финалда грузиялық теннисші Александр Метревели ресейлік Александр Лобковты ұтты – 7:6 (8:6), 6:2.

Осыдан кейін жұптық сайыста белоруссиялық  Андрей Василевский/Ярослав Шило екі партияда украиналық Дмитрий Баданов пен ресейлік Ян Сабанин жұбын жеңді  – 6:2, 6:2.

Жеке сайыстың ақтық кезеңінде Александр Метревели мен словакиялық Филип Хорански кездесті. Метревели екі партияда – 6:4, 6:3 есебімен жңіске жетті.