Қазақстан чемпионатының 6-шы турында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдады. Матч қызықты өтті. Соғылған 6 гол осыған дәлел.

 

«Ертіс» ойынды жоғары қарқынмен бастады. Тармо Рюютли шәкіртері үш ұпай қанжығалау үшін келгені анық. Көзді ашып-жұмғанша Игорь Юрин ойынның 5-ші минутында есепті ашты. Юриннің алыстан бағыттаған соққысы Прядкин қорғаған қақпадан табылды. Тез соғылған голдан кейін Дмитрий Огай шәкірттеріне есті жинау керек еді. Қызылордалық команда бірден шабуылға шықты. Қарсылас қақпасын бірнеше рет дәл көздегенімен, Котляр өз орнынан табылды. Матчтың 17-ші минутында  Руслан Дузмамбетов «Қайсар» пайдасына 11 метрлік айыпдобын белгіледі - Душан Савич мүл кетпеді. Есеп теңесті. Алайда, қызылордалық жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Керекулік ойыншылардың сол қапталдан бастаған жорығы сәтті аяқталды. Дудченко Котлярдың қақпасын дәл көздеді. Огай шәкірттері есепті теңестіру үшін бар жан-тәнімен алға ұмтылды. Алайда, «Ертіс» қорғаныста сауатты ойнай білді. Ойынның 42-ші минутында айыпдобы көтерілгеннен кейін  баспен қақпаға соққы жасап, есепті теңестірді. Осылайша алғашқы кезең соңына жетті. 

Екінші тайм бастала салып, «Қайсар» ойыншылары алға ұмтылды. Алғашқы шабуылда Антон Землянухин қақпаға тура соққы бағыттады. Есеп 3:2. Кезекті бір шабуылда Душан Савич қорғаныстағы қателікті пайдаланып, қақпашымен жеке дара шығып дубль авторы атанды. Осыдан кейін керекулік ойыншылар тез есін жиып, есепті теңестіру үшін шабуылға шықты. Бірақ, «Ертістің» жорығы сәтсіз аяқталып жатты. Ивановтың бірнеше мүмкіндігі болды, алайда Сергей сәтті пайдалана алмады. Осылайша, Огай шәкірттері жігерлі екендігін көрсетіп, кезекті жеңісіне жетті.

 

 «Қайсар» -  «Ертіс» 4:2()

Голдар: Савич (17, пенальтиден; 66), Струков (42), Землянухин (48) – Юрин (5), Дудченко (27)

Төреші: Руслан Дузмамбетов