12-ші сәуір күні көпкүндік «Басктер туры» веложарысы аяқталды. Tinkoff-Saxo мүшесі испандық Альберто Контадор жеңімпаз атанды.

Соңғы 6-шы кезеңде велошабандаздар 25,9 шақырымды басып өту керек болды. Кезең жеңімпазы Omega Pharma – Quickstep командасының велошабандозы Тони Мартин. Жеті секундқа кейін болып Контадор аяқтаса, Мартинның командаласы поляк Михал Квятковски үштікті түйіндеді.

«Астана» велошабандозы Микель Ланда 41-ші.

 

«Басктер туры» көпкүндігі. Қортынды нәтиже

1. Альберто Контадор (Испания, Tinkoff-Saxo) – 21:09:11

2. Михал Квятковски (Польша, Omega Pharma – Quickstep) – + 00:49

3. Жан-Кристоф Перо (Франция, AG2R La Mondiale) – + 01:04

14. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 03:36

45. Янез Брайкович (Словения, Astana Pro Team) – + 33:28

99. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 01:07:11

107. Фредрик Кесьякофф (Швеция, Astana Pro Team) – + 01:11:32