Футболдан ел чемпионатының 6-шы турында қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісуден» басым түсті. 

Талдықорғанда өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Алдымен, «Жетісудің» сұрмергені Сергей Шафф матчтағы алғашқы голдың авторы атанды. Араға төрт минут салып Мақсат Байжанов есепті теңестірді. Сегіз минуттан кейін, «Шахтердің» жас шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай жалпы есепті қорытындылады – 1:2.  

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 6-шы тур

«Жетісу»-«Шахтер»-1:2(1:2)

Голдар: Шафф, 16 - Байжанов, 20, Жанғылышбай, 28