Елордалық «Астана» футбол клубы ел біріншілігінің 6-шы турында қостанайлық «Тобылдан» басым түсті.
«Астана Аренада» өрбіген матч 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 79-шы минутта «Астананың» бомбардирі Дамир Кояшевич пенальтиден соқты – 1:0. Айта кетер жайт, елордалық команда бес турдың қорытындысы бойынша ел чемпионатында гол жібермеген жалғыз команда.
Осылайша, Григорий Бабаянның командасы 15 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады.
Футболдан Қазақстан чемпионаты. 6-шы тур
«Астана»-«Тобыл»-1:0(0:0)
Гол: Кояшевич, 79 (пенальтиден)
Комментарии