Премьер‑Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5 туры артта қалды.

Көп гол соғылмады, бұл футболсүйер қауымның сынына түсіп жүр. Әсіресе жанкүйерлер мен сарапшылар жазда Қазақстанның намысын еурододада қорғайтын командалардың ойынына разы емес. Жазға дейін клубтар төселіп, қалпына келіп, жаңа ойыншылар бейімделіп, өз жанкүйерлерін қуантады деп үміттенем және сенемін. Әлі уақыт бар, сондықтан болашаққа оң көзбен қараймын.

Қазақстандық командалардың еурокубоктарда жақсы өнер көрсетуі үшін трансфер уақыты алға жылжыды. Енді еурододалардың алдында кей позицияларға жаңа футболшылар алып,  құрамды нығайтуға мүмкіндіктері бар. Бұның бәрі жазда қазақстандық командалардың Кәрі құрлықта жарқын жеңістерге жетуіне септігін тигізеді деп үміттенемін.

КФЛ‑ның төрағасы Михаил Гурман