Каталондық «Барселона» тағы да жеңіліп қалды. Бұл жолы Тато Мартино шәкірттерін тізе бүктірген  біріншіліктің ортаңқол командасы «Гранада».

Осылайша «блаугранас» 2008 жылдан бері бірінші рет екі ойында қатарынан гол соға алмады. Бұған дейін «Барселона» Чемпиондар лигасының ширек финалында «Атлетикодан» 1:0 есебімен жеңілген болатын. Ал 2008 жылдың тамызында «Висла» мен «Нумансия» командаларының қақпасына гол соға алмаған еді.

Естеріңізге сала кетсек, «Гранада» каталониялықтарды өз алаңында Браимидің соққан жалғыз голының арқасында қапы қалдырды.