Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылдаушысы Сергей Хижниченко «Корона» сапында кезекті рет алаңға шықты, деп мәлімдейді клубтың ресми сайты.

«Корона» өз алаңында краковтың «Краковия» командасын қабылдап, 1:0 есебімен ұтты. Жеңіс голын 69-шы минутта  Матей Корзым соқты.

Хижниченко алаңға негізгі  құрамда шығып, толық матч өткізді. Абзал Бейсебеков ойынға қатысқан жоқ.