Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко «Корона» сапындағы кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Кельценің «Коронасы»«Краковияны» 1:0 есебімен ұтты. Кездесудегі жалғыз голды 69-шы минутта Матей Корзым соқты.  
 
Хижниченко алаңға негізгі құрамда шықса, Абзал Бейсебеков ойынға қатысқан жоқ.