Филипиндік боксшы Мэнни Пакьяо чемпиондық атағын қайтарды.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand Garden аренасында филипиндік боксшы WBO тұжырымы бойыншы әлем чемпионы американдық Тимоти Брэдлимен жұдырықтасты.
 
Барлық он екі раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша барлық үш төреші жеңісті Мэнни Пакьяоға бұйырды - 116-112, 116-112, 118-112.
 
 
12-ші сәуір, «MGM Grand», Лас-Вегас, АҚШ. Жартылай орта салмақтағы WBO белбеуі үшін жекпе-жек (66,7 келі).