Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан «Атыраудың» матчы мен жаттығуына қатысты.

Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі жариялады. Дереккөзге сенсек,  50 жасар маман «Атырау» мен «Ақтөбе» кездесуіне қатысқан екен, кейін «мұнайшылардың» жаттығу жұмысын бақылаған. Сондай‑ақ, Красножан «Атырау» сайтының тілшісіне берген сұхбатында ойыншыларды құрамаға қалай шақыратынын айтты.

«Әр ойыншыны жеке‑дара бағалаудың мәнін көріп тұрған жоқпын. Былай айтайын: құраманың есігі бәріне де ашық. Бұрын жасаған еңбектері бағаланбайды – ойыншының бүгін көрсетіп жүрген ойыны еліміздің бірінші командасына алуда басты назарда болады.»