Шымкентте ITF аясында грунттық теннис додасы өтіп жатыр. Жеңіс қоры $10000‑дан тұратын аталымыш доданың ширек финалдық ойындары өтті.

Қазақстандық Екатерина Клюева туринирдің жартылай финалына өтті. Бұл кезеңде жерлесіміз өзбекстандық Арина Фолтсты тізе бүктірді – 6:3, 6:1.

Жартылай финалда Клюева ақтық сынға жолдаманы словакиялық Катарина Стреснаковамен сарапқа салатын болады. Стреснакова біздің тағы бір жерлесіміз Екатерина Губанованы 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Жартылай финалдың екінші жұбында ресейлік теннисшілер ойнайды. Любовь Васильева ширек финалда жерлесіміз Марта Пайгинаны сан соқтырған‑ды. Васильеваның қарсыласы тағы бір ресейлік кездесу Марина Цаканян мен Атастасия Рудакованың арасында анықталады.