«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс пен команданың өзіне Тәртіптік‑бақылау комитетінің шешімімен айыппұл салынды, деп жариялайды Қазақстан Футбол Федерациясының сайты.

Бұл туралы ТБК‑ның 11 сәуірде өткізген кезекті отырысында мәлім болды.

«Қайрат» футбол клубына көрермендерінің матчтың төрешілер қосынына тіл тигізігені үшін және футболшыларының өрескелдігі үшін (екі ойыншының алаңнан қуылуы) 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайссқа матчтың төрешілер қосынына дөрекі сөздер айтқаны үшін және ойын кезсінде техникалық аймақтан шығып кеткені үшін 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Қайрат» футбол клубының ойыншысы Заурбек Плиев қарсыласын ұрғаны үшін үш ойынға алаңнан аластатылды.