Братина Кубогының финалдық бәсекесінде Қарағандының «Сарыарқасына» тюмендік «Рубин» қарсылас болады.

Жартылайфиналдық серияның бесінші кездесуінде тюмендік хоккейшілер Пермнің «Молот‑Прикамье» командасын овертаймда тізе бүктірді.

Финалдың алғашқы матчы 18-19 сәуірде Тюмень қаласында болса, қарымта кездесулер осы айдың 22-23 жұлдыздарында Қарағандыда өтеді.