Павлодарлық «Ертіс» хоккейден Қазақстан біріншілігін қатарынан екінші мәрте жеңіп алды. Ақтық серияның төртінші кездесуінде павлодарлықтар Көкшетаудың «Арланын» тобықтан қақты — 4:3.

Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталды. Екінші жиырмаминуттықта Рихард Хуна мен Томаш Вак «Ертісті» алға шығарды. Мартин Кришка есеп айырмасын қысқартып, бүгінгі ойында хет‑трик жасады. Алайда павлодарлық хоккейшілер есептегі басымдықты ұстап қала алды.

«Арлан» — «Ертіс» 3:4 (2:2, 0:2, 1:0)Серия есептері: 0:4 (1:2, 4:5, 3:6, 3:4).