Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Испания Кубогы аясындағы финалдық кездесуді жанкүйерлермен бірге көреді, деп хабарлайды As басылымы.10 сәуір күні «Реалдың» ресми сайты португалиялық футболшының жарақат алып қалғанын хабарлаған болатын. Жарақаттан айығуға қанша уақыт кететіні, әзірше, белгісіз.As берген ақпаратқа сенсек, шабуылшы алаңға екі аптадан кейін оралады. Демек, Роналду Испания Кубогының ақтық сынында өткізетін «Барселонаға» қарсы кездесумен қатар, Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық матчын («Бавария») жіберіп алады. Роналду аталмыш еурокубоктың ширек финалында «Боруссияға» қарсы кездесуде жарақат алған болатын. Биылғы біріншілікте «Алтын доп» иегері 27 ойын өткізіп, 28 мәрте гол соққан екен. Ал Чемпиондар Лигасының сегіз ойынында 14 рет көзге түссе, ел Кубогында үш голмен қанжығасын майлаған.