Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы жартылай финалының жеребесі тартылды.Чемпиондар лигасы:"Реал" (Испания) - "Бавария" (Германия)"Атлетико" (Испания) - "Челси" (Англия)

 

Алғашқы ойындар 22-23-ші  сәуір күні өтеді. Қарымта кездесу 29-30-шы сәуірге жоспарланған. Португалияның астанасы Лиссабонда орналасқан «Эштадиу да Луш» стадион финалдық матчты қабылдайды.

Еуропа лигасы:"Севилья" (Испания) - "Валенсия" (Испания)"Бенфика" (Португалия) - "Ювентус" (Италия)

 

Жартылай финал ойындары 24-ші сәуір мен 1-ші мамыр аралығына жоспарланған. Финалдық кездесу Италияның Турин қаласында өтеді.