Екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко ота жасалғаннан кейін өзін жақсы сезінетінін айтты.

«Қазір хал-жағдайым жақсарып келеді. Екінші мәрте қайталап ота жасалды. Бір жарым-екі айдан соң жаттығу жұмыстарына кірісемін. Алдағы уақытта мұзайдында көрсететін жаңа бағдарламамызды таңдаймыз. 

Олимпиада тізіміне алғаш рет енгізілген командалық жарыста топ жарғанымызға қуаныштымын. Екі дүркін Олимпиада чемпионы атандым. Жекелей түрде жеңіс тұғырынан көрінгім келіп еді, алайда, соңғы сәтте денсаулығым сыр беріп, жарысты ерте аяқтадым.», – дейді Плющенко eurosport.ru сайтына.