«Қайрат» клубының қорғаушысы Жарко Маркович «PROСПОРТ Казақстан» тілшісіне «Астанамен» болған кездесу туралы ойын айтты.

- Бүгінгі ойында екі командада бірнеше мүмкіндік болды, сондықтан матч қызықсыз өтті дегенмен келіспеймін. Қос ұжым жүлдеге таласатын мықты командалар.  Біз қорғаныста көп қателік жібермедік. 

- Сіз жарақат алып қалдыңыз ба? Келесі матчқа қатысасыз ба? 

- Иә, сәл жарақаттанғаным рас. Келесі ойынға қатысар-қатыспасымды білмеймін. Бірақ командама көмек қолын созу үшін барынша тырысып бағамын.