Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар Лигасы мен  Еуропа Лигасының жеребе рәсімі болды. 

Еуропаның үздік төрт командасы финалға берер жолдаманы төмендегідей жұппен сарапқа салатын болады:

"Реал Мадрид" (Испания) – "Бавария" (Германия) 

"Атлетико" (Испания) – "Челси" (Англия)

Жартылай финалдың алғашқы ойындары 22 және 23 сәуірде өтеді. Ал қарымта кездесулердің болатын күндері – 29-30 сәуір. Финал "Эштадиу ду Бенфикада" (Лиссабон, Португалия) болады.